
Германиядан-жаңа тәжірибелерге: ЕҰУ сапаны қамтамасыз ету жүйесін жетілдіруде

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің делегациясы ASIIN ұйымдастырған «Халықаралық сапаны қамтамасыз ету жүйелері» кәсіби даму бағдарламасы бойынша оқудан өтті
ЕҰУ профессор-оқытушылар құрамы мен әкімшілік-басқару персоналының 19 мүшесі Германияның Дюссельдорф қаласында «Халықаралық сапаны қамтамасыз ету жүйелері» кәсіби даму бағдарламасы бойынша оқудан өтті.
Оқыту барысында жоғары білім берудегі сапаны қамтамасыз ету тәсілдерін жетілдіру, халықаралық аккредиттеу тәжірибесін зерттеу және білім беру бағдарламаларын жетілдіру мәселелері талқыланды.
Практикалық сабақтарда ASIIN сапа, пәндерге бағытталған критерийлер стандарттары және оларды білім беру бағдарламаларын бағалауда практикалық қолдану мәселелері зерделенді. SWOT талдауы мен Блум таксономиясы әдіснамаларын қолдану ерекшеліктері зерттелді, сондай-ақ білім беру ұйымының білім беру бағдарламаларын дамытуға байланысты күшті және әлсіз жақтары, мүмкіндіктері және ықтимал қатерлері талданды.
Бағдарлама аясында делегация Бохум қаласындағы Георг Агрикола қолданбалы ғылымдар университетіне (THGA) және Клеведегі Рейн-Вааль қолданбалы ғылымдар университетіне (HSRW) барып, университеттердің басшылығымен кездесіп, олардың оқу процесін ұйымдастыру тәжірибесімен және сапаны қамтамасыз ету жүйелерімен танысып, аудиториялар мен зертханаларын көрді.
Курс соңында қызметкерлерге сертификаттар табысталып, аталған курстардан өтідің университеттің ішкі сапаны қамтамасыз ету жүйесін дамыту, білім беру бағдарламаларын жетілдіру және жоғары білім беру сапасы саласындағы халықаралық тәсілдер мен озық тәжірибелерді енгізу үшін маңыздылығын атап өтті.
