
«Заң және тәртіп» аясында профилактикалық іс-шара өтті
ЕҰУ жаңалықтары
21.09.2026 84

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде 1-курс студенттеріне арналған профилактикалық кездесу өтті.
Іс-шараға Киберполиция, прокуратура, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс маманы және теолог қатысты.
Кездесу барысында киберқауіпсіздік, интернет-алаяқтықтың алдын алу, құқықтық жауапкершілік, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сталкинг сондай-ақ діни сауаттылық пен деструктивті діни ағымдардың алдын алу мәселелері қозғалды.
Бөлісу:
