
Тарих факультетінде магистранттар мен докторанттарға арналған дәстүрлі кездесу өтті

2026 жылдың 21-қыркүйегінде Тарих факультетінде 2026-2027 оқу жылында «8D02203 – «Тарих», «8D02208 – «Археология және этнология» білім беру бағдарламаларына оқуға түскен докторанттар мен «7M02203 – «Тарих», «7M02208 – «Археология және этнология» білім беру бағдарламаларына оқуға түскен магистранттармен кездесу өтті.
Кездесу барысында ғылыми-зерттеу қызметі, білім беру үдерісі және академиялық дамуына қатысты мәселелер талқыланды. Кездесуге Академиялық мәселелер жөніндегі департаменттің директоры Қашхынбай Байжұман Балтабайұлы, Оқу үдерісін ұйымдастыру бөлімінің жетекшісі Корабаев Бейбит Сыбанбаевич және Тарих факультетінің деканы Бекмағанбетов Өмірбай Жолдыбекович қатысты.

Кездесу барысында 1-курс магистранттары мен докторанттарына университеттегі ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру тәртібі, ғылыми тақырыптың өзектілігін айқындау, ғылыми жетекшілердің білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптары және олардың белгіленген талаптарға сәйкестігі туралы жан-жақты ақпарат берілді.
Сонымен қатар диссертациялық зерттеулерді жоспарлау және дайындау, ғылыми жарияланымдар әзірлеу, ғылыми жобаларға қатысу, зерттеу нәтижелерін ғылыми ортада таныстыру және академиялық даму бағыттары бойынша маңызды мәселелер түсіндірілді. Кездесу барысында білім алушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, ғылыми-зерттеу жұмыстарын тиімді ұйымдастыруға қатысты ұсыныстар мен кеңестер алды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – магистранттар мен докторанттардың ғылыми-зерттеу қызметін жүйелі ұйымдастыруға ықпал ету, олардың академиялық ортаға бейімделуіне жағдай жасау және диссертациялық зерттеулерін сапалы жүргізуге қажетті бағыт-бағдар беру
