
«Заң мен тәртіп» жобасы аясында факультет студенттерімен кездесу
Тұрақты даму
SMART.ENU
21.09.2026 73

2026 жылдың 21-қыркүйегінде «Заң мен тәртіп» жобасы аясында Тарих факультетінің бірінші курс студенттерімен кездесу өткізілді. Кездесуге Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің басшылығы мен Ішкі істер органдарының полицей қызметкерлері, сонымен бірге аталған іс-шараға Тарих факультеті деканының оқу ісі жөніндегі орынбасары, т.ғ.к., доцент Н.А. Мұхаметжанова, Қазақстан тарихы кафедрасының тәрбие жұмысына жауапты М.Ф. Абдуразаков қатысты.

Кездесу аясында студенттерге сыбайлас жемқорлықпен күрес, киберқылмыс, дропперлік, интернет-алаяқтық, нашақорлықпен күрес мәселелері жан-жақты түсіндірілді. Білім алушылар кездесу барысында өте құнды, мағыналы мәліметтер алып, заң мен тәртіпті сақтаудың маңыздылығы жоғары екеніне көз жеткізді.
Бөлісу:
