
«MyLOFT платформасына тіркелу алгоритмі және оның артықшылықтары» атты библиографиялық дәріс өтті

Ғылыми кітапхананың Ақпараттық-библиографиялық бөлімінде Механика-математика факультетінің студенттеріне арналған «MyLOFT платформасына тіркелу алгоритмі және оның артықшылықтары» тақырыбында библиографиялық дәріс өткізілді.
Дәріс барысында ЕҰУ профессоры Е. Әбеновтің жетекшілігімен келген студенттер MyLOFT платформасының мүмкіндіктерімен танысып, тіркеуден өтті және оның мобильді қосымшасын пайдалану дағдыларын меңгерді.
Бірінші курс студенттеріне университет аумағындағы дербес компьютерлерді пайдалану, киберқауіпсіздік талаптарын сақтау, электрондық каталог пен дерекқорлардан қажетті ақпаратты іздеу, сондай-ақ толық мәтінді ресурстарға қол жеткізу жолдары түсіндірілді.
Бөлімнің ақпараттық менеджерлері Э. Оразова мен Ә. Ускенова әр студентпен жеке жұмыс жүргізіп, платформаға тіркелу және электрондық ресурстарды пайдалану бойынша практикалық көмек көрсетті.
Дәріс қорытындысында студенттер кітапхананың электрондық қызметтерін оқу үдерісі мен ғылыми-зерттеу жұмыстарында тиімді пайдалану мүмкіндіктері туралы жан-жақты ақпарат алып, кітапхана мамандарына алғыстарын білдірді.
