
Сәулет-құрылыс факультетінің 1 курс магистранттары мен докторанттарына арналған ақпараттық кездесу өтті
ЕҰУ жаңалықтары
23.09.2026 75

2026 жылғы 22 қыркүйекте Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде сәулет-құрылыс факультетінің 1 курс магистранттары мен докторанттарына арналған ақпараттық кездесу өтті.
Іс-шараға факультет кафедраларының магистранттары мен докторанттары қатысты.
Кездесу сәулет-құрылыс факультетінің оқу корпусында, 208 аудиторияда өтті.
Кездесу барысында білім алушыларға оқу процесін ұйымдастыру, халықаралық ынтымақтастық, ғылыми-зерттеу қызметі, сондай-ақ қаржылық және есеп айырысу мәселелері бойынша маңызды ақпарат ұсынылды.
Бөлісу:
