
Бірінші курс студенттерінің бейімделуі: Саясаттану кафедрасының студенттері ЕҰУ психологымен кездесті

2026 жылғы 24 қыркүйекте Халықаралық қатынастар факультеті Саясаттану кафедрасының бірінші курс студенттері (С-13 тобы) үшін Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Психологиялық қолдау орталығының психологы А.Т. Жекьяновамен кездесу ұйымдастырылды.
Іс-шараның басты мақсаты — қолайлы әлеуметтік-психологиялық орта қалыптастыру, жаңа студенттердің психикалық денсаулығын сақтау және олардың тұлғалық дамуына қолдау көрсету.
Кездесу барысында маман мынадай маңызды мәселелерге тоқталды:
Университеттегі оқу үдерісіне сәтті бейімделу;
Тұрақты эмоционалдық жағдайды сақтау жолдары;
Психологиялық әл-ауқат және тұлғааралық қарым-қатынасты дұрыс құру.
Кездесу ашық әрі сенімді жағдайда өтті. Студенттер талқылауға белсенді қатысып, өз пікірлерімен бөлісті, толғандырған сұрақтарын қойып, кәсіби маманнан тиісті кеңестер алды.
