
Көлік-инженериясы кафедрасының 1-курс студенттерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы кездесу өтті

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Көлік-инженериясы кафедрасының 1-курс студенттерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс мәселелеріне арналған кездесу өтті.
Кездесуге Еуразия ұлттық университетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметінің аға офицері Ербол Жолдасбекұлы қатысты.
Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттерге сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, академиялық адалдық қағидаттарын сақтау, құқықтық мәдениетті қалыптастыру және білім беру ортасындағы ашықтық пен жауапкершіліктің маңыздылығын түсіндіру.
Кездесу барысында студенттерге сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу тетіктері, университеттегі комплаенс қызметінің міндеттері, студенттердің құқықтары мен міндеттері туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар білім алушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, маманмен пікір алмасты.
Кездесу соңында студенттерге заң талаптарын сақтау, академиялық адалдық қағидаттарын ұстану және университеттің ішкі тәртіп нормаларына жауапкершілікпен қараудың маңыздылығы атап өтілді.
