
БІЛІМ ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІНДЕ 1-КУРС МАГИСТРАНТТАРЫ МЕН ДОКТОРАНТТАРЫНА АРНАЛҒАН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Білім жоғары мектебінде 1-курс магистранттары мен докторанттарына арналған дәстүрлі кездесу өтті. Кездесудің мақсаты – білім алушыларды университеттегі ғылыми-зерттеу қызметінің мүмкіндіктерімен, білім беру үдерісін ұйымдастыру ерекшеліктерімен және халықаралық академиялық мүмкіндіктермен таныстыру.
Кездесуге Академиялық мәселелер жөніндегі департаменттен Қашхынбай Байжұман Балтабайұлы және Аскарова Анар Болатовна, Халықаралық ынтымақтастық департаментінен Карабалаева Ажар Нұрлыханқызы, Ғылыми әлеуетті дамыту басқармасынан Төленді Әлинұр Ғалиасқарұлы қатысты.
Кездесу барысында оқу үдерісін ұйымдастыру, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, халықаралық бағдарламалар мен академиялық ұтқырлық мүмкіндіктері, ғылыми қызметті қолдау және ұйымдастырушылық мәселелер бойынша ақпарат берілді. Магистранттар мен докторанттар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, университеттің құрылымдық бөлімшелері өкілдерінен тиісті түсіндірмелер алды.
