
«Заң мен тәртіп — қауіпсіз қоғамның негізі»

24 қыркүйек күні Білім жоғары мектебінің 1-курс студенттерімен «Заң және тәртіп» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті. Кездесуге полиция майоры Аубакиров Саят Ерболович, заң ғылымдарының кандидаты Нұғыманов Еркебұлан Еркінұлы және теолог Өнер Ермекұлы қатысты.
Дәріс барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, киберқауіпсіздік, дропперліктің құқықтық салдары, интернет-алаяқтықтан қорғану және нашақорлықтың алдын алу мәселелері қарастырылды.
Сонымен қатар студенттерге құқық бұзушылықтардың, күмәнді қаржылық операциялар мен деструктивті діни ағымдардың алдын алу жөнінде маңызды ақпарат берілді. Іс-шараның мақсаты — жастардың құқықтық және діни сауаттылығын арттырып, заңға құрметпен қарау мәдениетін қалыптастыру.
#ЗакониПорядок #ПравоваяГрамотность#Кибербезопасность #ПротиводействиеКоррупции
