
«Заң мен тәртіп» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру дәрісі

2026 жылғы 25 қыркүйекте Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Сәулет-құрылыс факультетінің 1-курс студенттеріне «Заң мен тәртіп» бағыты аясында ақпараттық-түсіндіру дәрісі өткізілді.
Іс-шараға «Әдеп» жобалық кеңсесінің жетекшісі, заң ғылымдарының кандидаты Нұғыманов Еркебұлан Еркінұлы, Астана қаласы Алматы ауданы ПБ-ның жедел уәкілі, полиция капитаны Бақдәулет Мұхтарұлы, сондай-ақ Киберполиция бөлімінің аға жедел уәкілі, полиция майоры Аубакиров Саят Ерболұлы қатысты.
Дәріс барысында студенттерге қазіргі қоғамдағы өзекті мәселелер бойынша түсіндірме беріліп, келесі тақырыптар қозғалды:
* сыбайлас жемқорлықпен күрес;
* киберқылмыс және интернет қауіпсіздігі;
* дропперлік және оның құқықтық салдары;
* интернет-алаяқтықтан сақтану жолдары;
* нашақорлықтың алдын алу және оның зияны.
Кездесу барысында студенттерге құқық бұзушылықтардың алдын алу, интернеттегі қауіпсіздік ережелерін сақтау, күмәнді қаржылық операцияларға араласпау және заң талаптарын қатаң сақтау бойынша маңызды ақпарат берілді.
Іс-шараның басты мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңға құрметпен қарау мәдениетін қалыптастыру және түрлі құқық бұзушылықтардың алдын алу.
