
Халықаралық гуманитарлық құқық және халықаралық шарттар құқығы бойынша екі оқу құралы жарыққа шықты!

Халықаралық құқық кафедрасының аға оқытушысы Мурзагалиев Е.Ч. халықаралық гуманитарлық құқық және халықаралық шарттар құқығы бойынша екі оқу құралын дайындап, жарыққа шығарды.
Жаңа басылымдар кафедраның оқу-әдістемелік қызметіне елеулі үлес қосып, халықаралық құқықты зерделейтін білім алушылардың оқу базасын кеңейтуге мүмкіндік береді.
Оқу құралдарын дайындау және басып шығару заң факультетінде ғылыми және оқу-әдістемелік жұмыс жүргізуге қолайлы жағдайлардың жасалуының арқасында жүзеге асты.
Автор заң факультетінің деканы, заң ғылымдарының докторы, профессор Сматлаев Б.М.-ға ғылыми-білім беру қызметі мен оқытушылардың кәсіби бастамаларын қолдағаны үшін, сондай-ақ халықаралық құқық кафедрасының меңгерушісі, PhD Акшалова Р.Д.-ға кафедраның оқу-әдістемелік жобаларын жүзеге асыруға көрсеткен қолдауы мен ықпалдастығы үшін ерекше алғысын білдіреді.
Мурзагалиев Е.Ч.-ға ғылыми және педагогикалық қызметінде толағай табыстар, жаңа оқу басылымдарын, ғылыми еңбектерін жарыққа шығаруды және кәсіби жетістіктер тілейміз!
