
ПОҚ және ЕҰУ қызметкерлері Дюссельдорфтағы ASIIN бағдарламасына қатысу тәжірибесімен бөлісті

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде ЖОО өкілдерінің ASIIN халықаралық біліктілікті арттыру бағдарламасына қатысу қорытындыларына арналған жиын өтті. Оқыту Германияның Дюссельдорф қаласында ұйымдастырылды.
Кездесу барысында ЕҰУ құрылымдық бөлімшелері мен кафедраларының өкілдері алған білімдерімен, оқыту нәтижесінде жинақтаған практикалық тәжірибелерімен және білім беру сапасын қамтамасыз етудің халықаралық тәсілдерін зерделеу тәжірибесімен бөлісті.
Қатысушылардың айтуынша, игерілген құзыреттер университетте білім беру бағдарламаларын халықаралық аккредиттеуден өткізу үдерістерін сүйемелдеу, өзін-өзі бағалау есептерін дайындау, сыртқы сараптамалық комиссиялардың ұсынымдарын талдау және сапаны қамтамасыз етудің ішкі тетіктерін жетілдіру барысында қолданылуы мүмкін.
«Алынған білім мен халықаралық тәжірибе аккредиттеу рәсімдерін сүйемелдеу, өзін-өзі бағалау есептерін дайындау және сыртқы сараптамалық комиссиялардың ұсынымдарын талдау тәсілдерін жетілдіруге мүмкіндік береді. Бұл тәжірибелерді жүйелі түрде қолданып, университеттің қолданыстағы сапаны қамтамасыз ету үдерістеріне ықпалдастыру маңызды», – деп атап өтті Стратегиялық даму департаментінің директоры Лариса Нефедова.
ЕҰУ-дың академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Ардақ Бейсенбай заманауи талаптар мен халықаралық тәжірибелерді ескере отырып, білім беру үдерісін одан әрі жетілдірудің және білім беру бағдарламаларын жүйелі түрде жаңартудың маңыздылығына тоқталды.
«Алда тұрған ASIIN стандарттары бойынша білім беру бағдарламаларын аккредиттеуге дайындық жоспарын әзірлеуге, сондай-ақ алдыңғы аккредиттеу қорытындысы бойынша алынған ескертулер мен ұсынымдардың орындалуын қамтамасыз етуге ерекше назар аудару қажет», – деді Ардақ Бейсенбай.
Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар бағдарлама аясында алған білімдерін ЕҰУ-дың ішкі сапаны қамтамасыз ету жүйесін одан әрі дамыту үшін пайдалануға келісті. Басым бағыттардың қатарында білім беру бағдарламаларын жетілдіру, сапаны бағалау тетіктерін дамыту, ішкі рәсімдердің тиімділігін арттыру және халықаралық аккредиттеуге дайындық мәселелері бар.
«Шетелдік тәсілдерді зерделеу білім беру сапасын қамтамасыз етудің заманауи тетіктері туралы түсінігімізді кеңейтуге мүмкіндік берді. Жинақталған тәжірибені сапаны қамтамасыз ету рәсімдерін, білім беру бағдарламаларын және университеттің ішкі үдерістерін одан әрі жетілдіру барысында пайдалану қажет», – деп қорытындылады Сапаны қамтамасыз ету департаментінің директоры Шолпан Төлеуова.
