
Жоғары білім қызметкерлері күні құтты болсын!
SMART.ENU
01.10.2026 48

Құрметті әріптестер!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Жоғары білім қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Жоғары білім беру – білікті маман даярлаудың, ғылымды дамытудың және ел болашағын қалыптастырудың берік негізі. Осы жауапты жолда атқарып жүрген еңбектеріңіз әрдайым жоғары бағаланып, шәкірттеріңіздің жетістігі мен ғылымдағы жаңа белестерге ұласа берсін.
Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс, шығармашылық ізденіс пен жаңа жетістіктер тілеймін! Мәртебелеріңіз биік, абыройларыңыз асқақ болсын!
Ізгі тілекпен,
Көлік-энергетика факультетінің деканы
Кокаев Умиржан Шералиевич
Бөлісу:
