
Әділбектегі Гүлмира Әділбекқызы Германиядағы Humboldt-Innovation GmbH der Humboldt-Universität zu Berlin базасында «Экология, қоршаған орта және табиғатты тиімді пайдалану» бағыты бойынша ғылыми тағылымдамадан өтті.

Әділбектегі Гүлмира Әділбекқызы Германиядағы Humboldt-Innovation GmbH der Humboldt-Universität zu Berlin базасында «Экология, қоршаған орта және табиғатты тиімді пайдалану» бағыты бойынша ғылыми тағылымдамадан өтті. Тағылымдама бағдарламасы орнықты даму, агроэкология, жасыл технологиялар, жаңартылатын энергетика, цифрландыру және экологиялық зерттеулерде Python бағдарламасын қолдану салаларындағы дәрістерді, семинарларды, практикалық сабақтарды және өздік зерттеулерді қамтыды. Тағылымдама аясында Әділбектегі Гүлмира Әділбекқызы халықаралық ғылыми іс-шараларға қатысып, Германияның зерттеу орталықтары мен Литвадағы Ұлы Витаутас (Vytautas Magnus) университетінің зертханаларына барды, сондай-ақ шетелдік ғалымдармен кеңестер өткізді. Жұмыс нәтижелері бойынша екі авторлық куәлік алынды, «Modern Scientific Method» (Вена) халықаралық конференциясында және «Journal of Ecology and Sustainability» журналында мақалалар жарияланды, сондай-ақ Scopus деректер базасында индекстелетін халықаралық рецензияланатын журнал үшін мақала дайындалды.
Алынған білім мен халықаралық тәжірибе ғылыми және білім беру қызметінде, сондай-ақ Қазақстанда табиғатты тиімді пайдалану мен экологиялық қауіпсіздіктің заманауи тәсілдерін дамыту үшін пайдаланылады.
