
Қазақстан Республикасының Жоғары білім қызметкерлері күніне орай ЕҰУ оқытушылары марапатталды

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Басқарма төрағасы – ректор Ерлан Сыдықов қоғам алдындағы жылдық есеп беру барысында Қазақстан Республикасының жоғары білім қызметкерлері күніне орай университеттің бірқатар профессор-оқытушысына марапаттар табыстады.
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі «Еңбек ардагері» төсбелгісімен: Меруерт Серік (АТФ), ҚР «Қазақстан экологиялық аудиторлар палатасы» Қауымдастығы 20 жыл» мерейтойлық медаль: Бауыржан Капсалямов (Жаратылыстану ғылымдар институты), Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алғыс хаты: Айнұр Мағауова (Заң факультетінің доценті); Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің төрағасының Құрмет грамотасы: Ермек Абдрасулов (Заң факультетінің профессоры) марапатталды.
Сондай-ақ университетіміздің 19 профессор-оқытушысы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі, ҚР Оқу-ағарту министрлігі, ҚР Сауда және интеграция министрлігінің Құрмет грамотасы мен Алғыс хатын иеленді.
Құттықтаймыз!
