
Мен – TOLYQ ADAM

Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ заң факультетінің студенттері 2026 жылғы 20 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Ұлттық музейіне барды. Музейге баруды Антон Олегович Макрушин ұйымдастырды.
Мәдени-ағартушылық іс-шара студенттердің Қазақстан тарихы туралы білімін кеңейтуге және еліміздің тарихи-мәдени мұрасына құрметпен қарауын қалыптастыруға бағытталды. Музей экспозицияларымен танысу оқу барысында алған білімдерін мәдени мұрамен тікелей танысу арқылы толықтыруға мүмкіндік берді.
Студенттер Қазақстан тарихы туралы білімдерімен бөлісті. Сонымен қатар музейдің жекелеген экспонаттары туралы шағын таныстырылымдар дайындады. Мәселен, Ангелина Каплунова – Тираннозавр Рекс туралы; Даниал Изтелеуов – Nautilus Pompilius моллюскасы туралы; Жанель Негманова – Алтын Aдам туралы; Султан Айтышев – Алматы облысындағы Есік қорғанынан табылған қанжар туралы баяндады.
Сондай-ақ музейге бару барысында оқытушы мен студенттер тарих ғылымдарының кандидаты, Astana IT University әлеуметтік ғылымдар департаментінің қауымдастырылған профессоры Қайрат Қайратұлы Батталов өткізген шеберлік сабағына қатысты.
Музейге бару білімге ұмтылысты, адамгершілік дамуды және қоғам алдындағы жауапкершілікті біріктіретін Абайдың «Толық адам» тұжырымдамасының құндылық бағдарларына сәйкес келеді. Жоғары оқу орындарында тәрбие жұмысын ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарда ел тарихы мен мәдени мұрасына құрметпен қарау патриоттық тәрбиенің міндеттері қатарында көрсетілген, ал музейлердегі сабақтар студенттермен жүргізілетін мәдени-ағартушылық жұмыстың бір нысаны ретінде тікелей қарастырылған.
Мұндай іс-шаралар студенттердің кәсіби даярлығын толықтырып, олардың дүниетанымын кеңейтуге, тарихи жады мен мәдени құндылықтарды сақтаудағы жеке жауапкершілігін түсінуіне жағдай жасайды.
