
Саясаттанушылармен кәсіби бағдар беру кездесуі

«Саясаттану» мамандығының 2-курс магистранттары Айдана Болатбаева мен Дилярам Хамитованың педагогикалық практикасы аясында «Саясаттану» мамандығының 3-курс студенттеріне арналған кәсіби бағдар беру кездесуі форматында тәрбиелік іс-шара өткізілді (кураторы – саяси ғылымдарының кандидаты, профессор Е.Л. Нечаева).
Кездесудің негізгі мақсаты – студенттерді саясаттанушының нақты кәсіби мүмкіндіктерімен, мансаптық дамудың түрлі бағыттарымен және магистранттардың тәжірибесімен таныстыру. Кездесу студенттердің болашақ мамандығы, ықтимал жұмыс орындары және қажетті кәсіби дағдылар туралы неғұрлым саналы түсінігін қалыптастыруға бағытталды.
Кездесу барысында Дилярам Хамитова өзінің кәсіби тәжірибесін ортаға салып, Урбанистика орталығындағы қызметі туралы айтып берді. Студенттер қалалық саясат және қалалық ортаны дамыту саласындағы жұмыс, сондай-ақ түрлі бағыттағы мамандардың өзара іс-қимылы туралы білді. Саясаттанушының білімі мен құзыреттері дәстүрлі мемлекеттік қызмет пен аналитика салаларында ғана емес, сонымен қатар қалаларды дамытуға, мемлекеттік органдармен, сарапшылармен және қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауға байланысты пәнаралық жобаларда да қолданыла алатыны көрсетілді.
Айдана Болатбаева өзінің кәсіби тәжірибесімен бөлісіп, оқу барысында өткен практикалары мен тағылымдамалары туралы айтып берді. Ол Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігіндегі өндірістік практикадан өту тәжірибесіне, сондай-ақ «Ақ жол», «Ауыл» және «Amanat» саяси партияларындағы практикасы мен қызметіне ерекше назар аударды. Студенттерге осындай практикалар аясында қандай міндеттер орындалатыны, қандай кәсіби дағдыларды алуға болатыны және мұндай жобаларға қатысу оқу кезінде-ақ практикалық тәжірибе қалыптастыруға қалай көмектесетіні туралы айтылды.
Кәсіби бағдар беру бөлімі аясында саясаттанушының кәсіби дамуының түрлі бағыттары таныстырылды: мемлекеттік қызмет, аналитика, GR және корпоративтік сектор, медиа және PR, ҮЕҰ және азаматтық сектор. Саясаттанушының кәсіби траекториясы оқу кезеңінде-ақ біртіндеп қалыптасуы мүмкін екендігіне ерекше назар аударылды. Практикалар, тағылымдамалар, жобаларға қатысу, волонтерлік қызмет және қосымша дағдыларды меңгеру студенттің өзіндік кәсіби қызығушылықтарын жақсырақ түсінуге және бәсекеге қабілетті тәжірибе қалыптастыруға мүмкіндік береді. Студенттерге өздерінің кәсіби мақсаттары, қажетті дағдылары мен бүгіннен бастап жасай алатын нақты қадамдары туралы ойлану ұсынылды.
Өткізілген іс-шара аудиторияның үлкен қызығушылығын тудырды және кәсіби мотивацияның дамуына, мансап бағытын саналы түрде таңдауға және «Саясаттану» мамандығы бойынша білім алудың практикалық құндылығын түсінуге ықпал етті.
