
Жаңа өзара іс-қимыл бағыттары: ЕҰУ мен Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
Жаңа өзара іс-қимыл бағыттары: ЕҰУ мен Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
2026 жылғы 2 қазанда Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті мен Астана қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Меморандум тараптар арасындағы өзара іс-қимылды дамытуға, білім беру, ғылыми-зерттеу және практикалық қызмет бағыттарындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.
Құжат аясында құқық саласында білім алатын студенттердің кәсіби даярлығын жетілдіру, олардың практикалық дағдыларын дамыту, кәсіби практикадан өту мүмкіндіктерін кеңейту, сондай-ақ білім беру және ғылыми-зерттеу бағыттарында бірлескен іс-шараларды ұйымдастыру көзделеді.
Ынтымақтастық шеңберінде тараптар құқықтық білім беру мен практикалық қызметті ұштастыруға, кәсіби тәжірибе және ақпарат алмасуға, сондай-ақ тиісті бағыттар бойынша бірлескен жобаларды іске асыруға ниетті.
Меморандумға қол қою Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті мен Астана қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті арасындағы өзара іс-қимылды одан әрі дамытуға және білім беру мен практикалық қызмет арасындағы байланысты нығайтуға негіз болады.
