
Жас ғалымдардың ғылыми жұмыстары конкурсының қорытындылары

2026 жылғы 1–2 қазанда Тараз қаласында «Байсалов оқулары – 2026» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Конференцияның ұйымдастырушысы – М. Х. Дулати атындағы Тараз университеті.
Аталған конференция аясында жас ғалымдардың ғылыми жұмыстарының конкурсы өткізілді. Конкурс қорытындысы бойынша заң факультетінің білім алушылары марапатталды.
I дәрежелі диплом:
- Яғмусова Ақерке Файзуллақызы (3 курс докторанты) – Тема: «Цифровое управление землями сельскохозяйственного назначения в Республике Казахстан: дистанционный мониторинг, юридическая оценка цифровых данных и судебная защита землепользователей».
Ғылыми жетекші: Сактаганова Индира Советовна, з.ғ.к., профессор;
III дәрежелі диплом:
- Қырғызбай Назерке Ерланқызы (1 курс докторанты) – Тема: «Жер қатынастары аясындағы цифрландыру, жасанды интеллект (ЖИ) және инновацияларды құқықтық реттеу».
Ғылыми жетекші: Сактаганова Индира Советовна, з.ғ.к., профессор;
- Файзиева Карина Мұхтарқызы (4 курс студенті) – Тема: «Правовые механизмы предупреждения деградации земель в Республике Казахстан в контексте устойчивого развития».
Ғылыми жетекші: Макрушин Антон Олегович, оқытушы.
