
Педагогика ғылымдарының докторы, психология кафедрасының профессоры Гүлбақыт Меңлібекова «BEST IAAR EXPERT» сертификатымен марапатталды
ЕҰУ жаңалықтары
05.10.2026 18

2026 жылғы 2 қазанда Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ журналистика және әлеуметтік ғылымдар факультеті психология кафедрасының профессоры, педагогика ғылымдарының докторы Меңлібекова Гүлбақыт Жолдасбекқызы білім берудегі сапаны қамтамасыз ету жөніндегі X Орталық Азия халықаралық форумына қатысты.
Форум жұмысы аясында және Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің (IAAR) 15 жылдығына орай Меңлібекова Гүлбақыт Жолдасбекқызына жоғары білім сапасын қамтамасыз ету саласындағы нәтижелі сараптамалық қызметі үшін «BEST IAAR EXPERT» сертификаты табысталды.
Бөлісу:
