
«Электроника негіздері» пәні бойынша ашық практикалық сабақ өткізілді

2026 жылғы 8 қазанда Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Физика-техникалық ғылымдар институтында «Электроника негіздері» пәні бойынша «Жартылай өткізгіш диодтар» тақырыбында ашық практикалық сабақ өтті. Сабақты физика-математика ғылымдарының кандидаты, Ядролық физика, жаңа материалдар және технологиялар халықаралық кафедрасының доценті Баратова Алия Амирхановна өткізді.
«Ядролық физика» білім беру бағдарламасының төртінші курс студенттеріне арналған сабақ жартылай өткізгіш аспаптар туралы теориялық білімді практикалық есептерді шығаруда қолдануға арналды. Сабақ барысындағы өтілген материалды бекітуге, есептеулер жүргізу және алынған нәтижелерді талдау дағдыларын дамытуға бағытталды.
Айта кетейік, Алия Амирхановна оқытушылық қызметін ғылыми зерттеулермен ұштастырып келеді. Ол талантты жас ғалымдарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендияның— 2008–2010 және 2010–2012 жылдарындағы екі ретті иегері. Сондай-ақ «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері ретінде 2014 жылы Швейцарияда педагогикалық даярлықтан өткен. Оның ғылыми еңбектерінің қатарында монография мен Scopus және Web of Science дерекқорларында индекстелетін журналдарда жарияланған мақалалар авторы.
