
Педагогикалық практика: докторанттың ашық сабағы

Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Журналистика және әлеуметтік ғылымдар жоғары мектебінің "Қоғаммен байланыс" ББ докторанты Айгүл Айтмұханова педагогикалық практика аясында ашық сабақ өткізді.
Ғылыми жетекшісі: Медиакоммуникация және қоғаммен байланыс кафедрасының профессоры, ф. ғ. д. Тахан Серик Шешенбайұлы.
Дәрістің "Медиаортаны цифрландыру ықпалындағы PR зерттеу парадигмаларының трансформациясы" тақырыбы интернет, әлеуметтік желілер мен алгоритмдер классикалық PR-ды қалай өзгерткені жөніндегі өзекті мәселелерге арналды. Сабақ барысында Айгүл Айтмұханова парадигмалардың трансформациясы және бүгінгі PR маманы ақпаратпен және мән-мағынамен қалай жұмыс істейтіні туралы баяндады.
Ашық сабақтың бірінші бөлігі дәріс форматында өтсе, екінші жартысы интерактивті форматта өтті. Білім алушылармен бірге PR-ды зерттеудің және өлшеудің ескі әдістері неге жұмыс істемейтіні және оларды немен алмастыруға болатыны жөніндегі мәселелер талданды.
Тыңдаушылар медиакоммуникациялар және қоғаммен байланыс саласындағы қолданбалы білім аясын кеңейтті
