
Журналистика және медиаөнер кафедрасының магистранты дата-журналистика пәнінен ашық сабақ өткізді
Практика
08.10.2026 7

8 қазанда Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Журналистика және медиаөнер кафедрасының 2-курс магистранты Аяжан Сапаралы педагогикалық практика аясында «Дата-журналистика» пәнінен ашық сабақ өткізді. Интерактивті форматта ұйымдастырылған сабақ журналистерге арналған статистика негіздеріне бағытталды. Практикалық бөлімде студенттер Google Sheets құралдарын қолдана отырып, деректер массивімен жұмыс істеуді, ақпаратты верификациялау алгоритмдерін және жалған корреляцияларды талдау әдістерін меңгерді. Сабақ барысында аудитория жоғары академиялық белсенділік танытты.
Бөлісу:
