
ЕҰУ-дың 15 студенті ENU Endowment Fund стипендиаты атанды!

Еуразия ұлттық университетінде ENU Endowment Fund қорының «Инклюзия», «Жас зерттеуші» және «Таланттар» бағыттары бойынша жаңа стипендиаттарын марапаттау рәсімі өтті. Биыл «Спорт» атты жаңа стипендиялық бағдарлама да іске қосылды.
Осы жазда Қор стипендия алуға өтінімдер қабылдап, студенттерден 100-ден астам өтінім алды. Іріктеу қорытындысы бойынша 15 студент стипендия иегері атанып, өз таланттарын, ғылыми қызығушылықтарын дамытуға және жетістіктерін арттыруға қолдау алды.
Марапаттау рәсіміне ENU Endowment Fund Қамқоршылық кеңесінің мүшелері қатысты. Олар Қордың дамуына және оның білім беру бастамаларының жүзеге асуына үлес қосып келеді.
2023 жылдан бастап түлектер мен қайырымдылық жасаушылардың қолдауының арқасында ЕҰУ-дың 80-нен астам студенті Қор стипендиаты атанып, 40-тан астам студент грант иегері болды.
ENU Endowment Fund Қамқоршылық кеңесінің мүшелеріне қолдауы, Қордың дамуына қосқан үлесі және студенттеріміздің әлеуетіне деген сенімі үшін шынайы алғысымызды білдіреміз! Сіздердің қолдауларыңыздың арқасында жастарға жаңа мүмкіндіктер ашып, талантты студенттердің өз мақсаттарына жетуіне көмектесіп келеміз.
ENU Endowment Fund студенттерге жаңа мүмкіндіктер ұсынып, олардың әлеуетін ашуға және алға қойған мақсаттарына нық қадам басуына қолдау көрсетіп келе жатқанына қуаныштымыз!
Барлық стипендиаттарды құттықтаймыз! Жаңа жетістіктер мен толағай табыстар тілейміз!
