
«Тәртіпке бағынған құл болмас»

2026 жылдың 5 қазаны күні 203-аудиторияда Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Филология факультеті Қазақ тіл білімі кафедрасының доценті м.а., ф.ғ.к. С. С. Шоқабаеваның және 2-курс магистранты Д. Ж. Мейранбектің ұйымдастыруымен «Тәртіпке бағынған құл болмас» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өткізілді.
Іс-шараға Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ деканның тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.М. Төлеубаева, Қазақ тіл білімі кафедрасының меңгерушісі Қ.Т. Бибеков, Қазақ тіл білімі кафедрасының профессоры м.а., ф.ғ.к. Г. Б. Мамаева қатысты.
Ашық тәрбие сағаты барысында сыбайлас жемқорлық, діни экстремизм, академиялық адалдық және терроризм туралы маңызды мәселелер сөз қозғалып, В016-1717-24-01 және В016-1717-24-03 топ студенттерінің пікірлері ортаға салынды. Жемқорлықтың қоғам дамуына тигізетін кесапаты және жастар арасында парасаттылық қағидаттарын қалыптастыру жолдары, діни экстремизм мен терроризмнің қауіп-қатерлері, жастарды жат ағымдардың ықпалынан қорғау және ұлттық құндылықтардың рөлі туралы сөз қозғалды.
