
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ ректоры Беларусь ҰҒА академигі В.Е. Агабековпен кездесті

2026 жылғы 12 қазанда Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті КеАҚ Басқарма төрағасы – ректоры, ҚР ҰҒА академигі, профессор Сыдықов Ерлан Батташұлы Беларусь Ұлттық ғылым академиясының академигі, Беларусь Республикасының еңбек сіңірген ғылым қайраткері, химия ғылымдарының докторы, профессор Владимир Енокович Агабековпен кездесті. Кездесуге Жаратылыстану ғылымдары институтының директоры Берденов Жарас Ғалымжанұлы қатысты.
Қатысушылар беларусь және қазақстан ғалымдарының ынтымақтастығын дамыту перспективаларын, Жаратылыстану ғылымдары институтының дамуын және ғылыми зерттеулер саласындағы екіжақты серіктестікті талқылады.
Бөлек мәселе ретінде болашақта Беларусь ҰҒА Жаңа материалдар химиясы институты мен Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою мүмкіндігі қарастырылды. 1998 жылы құрылған институт жұқа қабықшалы және наноқұрылымды материалдар жасау саласындағы ғылыми орталық ретінде жұмыс істейді; оны 20 жылдан астам уақыт В.Е. Агабеков басқарады.
Кездесу В.Е. Агабековтың Қазақстанға сапары кезінде өтті. Бұған дейін, 9 қазанда, ол Жаратылыстану ғылымдары институтында «Аз тоннажды химия саласындағы іргелі және қолданбалы зерттеулер» тақырыбында ашық дәріс оқып, өз институтының зерттеу бағыттарымен таныстырды және екі ел ғалымдарының ынтымақтастық мүмкіндіктері туралы айтты.
