
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ полимерлерді зерттеуге арналған жаңа Shimadzu аналитикалық жабдығын алды

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті ғылыми базасын жапондық Shimadzu өндірушісінің заманауи аналитикалық жабдығымен толықтырды. Шарт аясында университет Shimadzu LC-40 гель-өтімді хроматографын сатып алды. Жабдық университетке жеткізілді.
Сатып алу «Елдің басым экономика секторларына ғылыми-зерттеу жұмыстарының қолданбалы нәтижелерін енгізу және қызметтер көрсету үшін мұнай-химия және полимерлік материалдар ғылыми-технологиялық паркін құру» ғылыми бағдарламасы (ЖТН BR24992883) аясында жүргізілді.
Гель-өтімді хроматограф полимерлердің молекулалық массасын және молекулалық-массалық таралуын анықтауға мүмкіндік береді. Бұл материалдардың беріктігі, тұтқырлығы және басқа қасиеттері тәуелді болатын негізгі сипаттамалардың бірі.
Жаңа жабдық университет ғалымдарына полимерлік және мұнай-химиялық материалдарды заманауи деңгейде зерттеуге мүмкіндік береді.
