
«Жапония СІМ құрылымы» тақырыбында сабақ өткізілді.
2026 жылғы 12 қазанда сағат 12:10–13:00 аралығында 2-курс магистранты Рғызбайқызы Әсем «Шығыстағы дипломатиялық этика (Жапония)» пәні бойынша 4-курс студенттеріне ашық сабақ өткізді. Сабақтың тақырыбы — «Жапония СІМ құрылымы». Сабаққа ғылыми жетекші, т.ғ.к., қауымдастырылған профессор А.М. Азмұханова, аға оқытушылар А. Тілеубаева мен А. Рахман қатысты. Сабақ барысында 30 минут бойы лекция оқылып, онда келесі мәселелер қаралды: Мемлекеттік басқару жүйесіндегі Жапония СІМ, Саяси басшылық және кәсіби ядро, Орталық аппараттың негізгі бюролары, Кадрлық жүйе, «Рингисэй» және «Нэмаваси» келісу схемасы. Содан кейін 10 минут ішінде келесі практикалық кейстер зерттелді: Ұлттық қауіпсіздік хатшылығын құру туралы 2013 жылғы реформа, СІМ ішіндегі американдық және қытайлық мектептердің қақтығысы, Дамуға ресми көмекті гуманитарлықтан стратегиялыққа трансформациялау. Одан әрі 10 минут бойы мынадай тақырыптарда пікірталас жүргізілді: Сыртқы саясатты орталықтандыру Жапония СІМ-ін әлсірете ме? «Нэмаваси» жүйесі қазіргі заманда бейімделу жылдамдығына қалай әсер етеді? Жапония СІМ-де Тайвань мәселесінде тепе-теңдік сақтала ма? Дәріс интерактивті экрандағы презентациямен сүйемелденді, сондай-ақ сабақ соңында жазбаша тексеру жұмысы жүргізілді. Студенттер белсенділік танытып, сұрақтарға жауап берді, практикант сабақ барысында олармен жақсы байланыс орната білді.
