
«Қазақстанда ағартушылық-саяси ойдың дамуы» тақырыбында ашық сабақ өткізілді

2026 жылғы 13 қазанда «Саясаттану» білім беру бағдарламасының 2-курс магистранты Серікқызы Табиғатпедагогикалық практика аясында «Қазақстанның саяси ойы» пәнінен «Қазақстанда ағартушылық-саяси ойдың дамуы (ХІХ ғасырдың екінші жартысы)» тақырыбында 2-курс студенттеріне ашық семинар сабағын өткізді.
Ашық сабақтың мақсаты – студенттердің Қазақстандағы ағартушылық-саяси ойдың қалыптасуы мен дамуы туралы білімдерін тереңдету, қазақ ағартушыларының қоғамдық-саяси идеяларын талдау және сыни ойлау дағдыларын дамыту.
Семинар барысында Шоқан Уәлиханұлы, Ыбырай Алтынсарин және Абай Құнанбайұлының қоғамдық-саяси көзқарастары қарастырылды.
Сабақта заманауи интерактивті оқыту әдістері қолданылып, студенттер топтық жұмыстарға, интеллектуалдық ойындарға, ситуациялық кейстерді талдауға және пікірталасқа белсенді қатысты.
Ашық сабақ студенттердің танымдық белсенділігін арттыруға, тарихи-саяси идеяларды қазіргі қоғамдық үдерістермен байланыстыра талдауға және теориялық білімдерін тәжірибеде қолдану дағдыларын қалыптастыруға бағытталды.
Семинар мазмұнды әрі белсенді пікір алмасу форматында өтіп, білім алушылардың аналитикалық ойлау және кәсіби құзыреттіліктерін дамытуға ықпал етті.
