
Физика-техникалық ғылымдар институтында «Жоғары деңгейлі бағдарламалау» пәні бойынша ашық дәріс өтті

2026 жылғы 14 қазанда Физика-техникалық ғылымдар институтында Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар кафедрасының аға оқытушысы Бегимова Әсел Жеңісбекқызы «Жоғары деңгейлі бағдарламалау» пәні бойынша «Switch case құрылымы және циклдер» тақырыбында ашық дәріс өткізді.
Сабақ 6B06220-«Радиоэлектрондық аппаратураны жобалау және құрастыру» білім беру бағдарламасының екінші курс студенттеріне арналды. Дәріс барысында бағдарламаның орындалуын басқару үшін switch…case көп нұсқалы таңдау құрылымын және циклдерді қолдану қарастырылды. Сабақ студенттердің алгоритмдік ойлауын дамытуға және бағдарламалау есептерін шешуге қажетті білімдерін бекітуге бағытталды.
Әсел Жеңісбекқызы оқытушылық қызметін электродинамика және радиотехникалық құрылғыларды модельдеу саласындағы ғылыми зерттеулермен ұштастырады. Ол Applied Sciences және Progress In Electromagnetics Research C халықаралық ғылыми журналдарында жарияланған мақалалардың бірлескен авторы.
