
«Стандарттау, сертификаттау және метрология» кафедрасы оқытушыларының кәсіптік бағдарлау бойынша жұмысы

2026 жылдың 14 қазаны күні кәсіптік бағдарлау жұмысы бойынша «Стандарттау, сертификаттау және метрология» кафедрасының оқытушылары Оспанова А.Т., Киргизбаева К.Ж., Ермаханова Ф.Р., Хаймульдинова А.К., Каршалова Д.Г., Қайым Мұхамедханов атындағы № 90 ұлттық гимназияның директоры Гүлжанат Асановна Абдраманова, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Сариева Ғалия Сергеевна, кәсіби бағдар жөніндегі маман және 11 «А», «Ә» және «Б» сынып оқушылары болашақ мамандық таңдау тақырыбында кездесу өтізді. Гимназияның білім беру бейіні гуманитарлық бағытта болғанымен, техникалық мамандықтарға қызығушы оқушылар саны айтарлықтай жоғары.
Кездесу барысында оқушыларға болашақ мамандықты дұрыс таңдаудың маңыздылығы түсіндіріліп, стандарттау, сертификаттау және метрология салалары туралы жан-жақты ақпарат беріліп, екі тілде әзірленген буклеттер таратылды. Сондай-ақ, аталған бағыттар бойынша білім алу мүмкіндіктері, еңбек нарығындағы мамандарға деген сұраныс және кәсіби өсу перспективалары туралы айтылды. Мұндай кездесулер оқушыларды ақпараттандырып қана қоймай, педагогтардың заманауи мамандықтардың алуан түрлілігі туралы түсініктерін кеңейте отырып, оқушыларға болашақ мамандықты таңдау кезінде неғұрлым тиімді бағыттауға мүмкіндік береді, қызығушылығын арттырады және саналы кәсіби өзін-өзі анықтауға ықпал етеді. Кездесу барысында мектеп оқушылары белсенділік танытып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.
