
Туризм кафедрасында «Отельдегі food менеджмент» пәнінен практикалық шеберлік сағаты өткізілді

«Туризм» білім бағдарламасының 2 курс докторанты Асхат Гумаров педагогикалық практика аясында «Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі» ББ 3 курс білім алушыларына «Отельдегі food менеджмент» пәнінен практикалық шеберлік сабағын өткізді.
Практикалық сабақ Туризм кафедрасының заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілген гастро зертханасында өтті. Сабаққа Wyndham Garden Astana қонақ үйінің тәжірибелі мамандары - Food & Beverage бөлімінің жетекшісі Айым Әділбекова мен бармен Тамерлан Қадырхан шақырылды.
Шеберлік сабағы барысында сарапшылар өздерінің кәсіби тәжірибелерімен бөлісіп, студенттерге түрлі кофе сусындарын дайындау әдістерін көрсетті, оларды дайындау мен ұсыну ерекшеліктеріне қатысты толық түсініктемелер берді.
Сабақтың практикалық бөліміне ерекше назар аударылды. Шақырылған мамандардың жетекшілігімен студенттер кофе сусындарын өздері дайындап, үйренген білімдерін бекітіп әрі жаңа практикалық дағдыларды меңгерді. Оқытудың мұндай форматы мейрамхана және қонақжайлылық индустриясының болашақ мамандарына кәсіптің қыр-сырымен және қызмет көрсетудің заманауи стандарттарымен жақсы танысуға мүмкіндік берді.
Шеберлік сабағы студенттердің үлкен қызығушылығын тудырып, қызықты әрі интерактивті атмосферада өтті. Білім алушылар кофе сусындарын дайындау мәдениеті туралы толық біліп қана қоймай, жаңадан алған білімдерін іс жүзінде қолдануға да мүмкіндік болды.
Wyndham Garden Astana мамандары зертхананың жабдықталуына жоғары баға беріп, заманауи жабдықтардың бар екенін және түрлі сусындарды дайындауға қажетті техникалық мүмкіндіктердің қарастырылғанын атап өтті. Осындай арнайы оқу кабинеттерін пайдалану студенттердің кәсіби құзыреттіліктерін дамытуға ықпал етеді әрі қонақжайлылық индустриясының болашақ мамандары үшін практикалық оқыту сапасын арттырады.
Докторанттың педагогикалық тәжірибе жетекшісі, Туризм кафедрасының профессоры, PhD Рина Агыбетова және Туризм кафедрасының меңгерушісі, экономика ғылымдарының докторы, профессор Ляйля Муталиева шақырылған мамандарға шеберлік сабағын өткізгені, кәсіби тәжірибелерімен ашық бөліскені және студенттерді практикалық даярлауға қосқан үлестері үшін алғыстарын білдірді.
Қорытындылап айтқанда, шеберлік сабағына қатысушылар мейрамхана және қонақжайлылық индустриясының заманауи талаптарына сәйкес келетін білікті мамандарды даярлауда мұндай тәжірибеге бағытталған сабақтардың маңыздылығын атап өтті. Саланың белсенді мамандары қатысатын шеберлік сабақтарын өткізу университет пен қонақжайлылық индустриясы өкілдері арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға, теориялық білім мен практикалық тәжірибені ұштастыруға, кәсіби білім беру сапасын арттыруға ықпал етеді.
