
2-курс магистранты Сұлтанғалиева Индира Сұлтанғалиқызы педагогикалық практика аясында ашық сабақ өткізді

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Халықаралық қатынастар факультетінің 2-курс магистранты Сұлтанғалиева Индира Сұлтанғалиқызы педагогикалық практика аясында «ЕО ның жаһандық басқару жүйесіндегі орны мен рөлі» пәні бойынша «Жаһандық басқару жүйесіндегі ЕО ықпал ету құралдары: дипломатия, құқық, экономика және жұмсақ күш» тақырыбында интерактивті семинар форматында ашық сабақ өткізді. Сабаққа 4 курс студенттері қатысты. Сабақтың мақсаты – Еуропалық Одақтың жаһандық басқарудағы негізгі ықпал ету құралдарын талдау, олардың тиімділігі мен шектеулерін бағалау болды.
Сабақ барысында студенттер төрт топқа бөлініп, әр топ ЕО-ның бір құралын – дипломатияны, құқықты, экономиканы немесе жұмсақ күшті – үйден дайындалып келіп таныстырды. Содан кейін барлық топтар ойдан шығарылған «Нарвия Республикасы» кейсін шешті: өз құралы арқылы ұсыныс жасап, бір-бірінің ұсыныстарына қарсы дәлел келтірді және ортақ «ЕО пакетін» құрастырды. Модератор тек уақыт пен тәртіпті басқарды, негізгі белсенділік студенттер тарапынан болды.
Сабақта «таяқ пен сәбіз» теңгерімі, құралдардың бір-бірін толықтыруы және ЕО-ның «нормативтік держава» ретіндегі шектеулері талқыланды. Студенттер сабаққа белсенді қатысып, жаһандық мәселелерді бір құралмен емес, олардың үйлесімімен шешуге болатынын өз пікірлерінде атап өтті.
