
«Заң мен тәртіп» тақырыбындағы кураторлық сағат: құқықтық сауаттылық – басты назарда

12 қазан күні Саясаттану кафедрасының 2-курс студенттеріне арналған «Заң мен тәртіп» тақырыбында кураторлық сағат өтті.
ОӘК 337 аудиториясында ұйымдастырылған іс-шара топ кураторы Дәрмен Қалиолаұлының жетекшілігімен өткізілді. Кураторлық сағаттың негізгі мақсаты – студенттердің құқықтық сауаттылығын арттырып, заң талаптарын құрметтеуге шақыру, сондай-ақ қоғамдағы түрлі құқық бұзушылықтардың (буллинг, вандализм, ұсақ бұзақылық және т.б.) алдын алу.
Шара барысында топ студенттері Жалғасбай Асқар Жамбылұлы мен Қалмұхамбетова Зере Қайырханқызы баяндама жасады. Олар қоғамдық тәртіпті сақтау, жауапкершілік пен азаматтық борыш туралы өз ойларымен бөлісіп, өзекті мәселелерді ортаға салды. Студенттер тақырып аясында белсенді пікір алмасып, құқықтық мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті.
