
ЕҰУ студенті халықаралық «Zhas Galym» байқауында ІІІ орын иеленді
SMART.ENU
19.10.2026 7

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 3-курс студенті Глеб Александрович Малофеев 2026 жылғы халықаралық «Zhas Galym» жас ғалымдардың ғылыми жобалар байқауында ІІІ орын иеленіп, ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
Студент «STEM, экология және медицина» секциясында «Автоспорттағы тежеу жүйелерін сериялық автомобильдерге бейімдеудің орындылығын талдау» тақырыбындағы ғылыми жобасын ұсынды. Жобаның ғылыми жетекшісі — «Көлік инженериясы» кафедрасының оқытушысы Айнаш Болатовна Болатова.
Байқау аясында Айнаш Болатова студенттерді жоғары деңгейде дайындағаны және ғылыми жетекшілік қызметі үшін алғыс сертификатымен марапатталды.
Глеб Малофеев пен ғылыми жетекшісін жетістіктерімен құттықтап, алдағы ғылыми ізденістеріне табыс тілейміз!
Бөлісу:
