
ЕҰУ-да білім беру процесін жетілдірудің басым бағыттары талқыланды

Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде академиялық мәселелер жөніндегі проректор Ардақ Бейсенбайдың төрағалығымен оқу-әдістемелік кеңестің кезекті отырысы өтті.
Отырыс барысында қатысушылар білім беру процесін ұйымдастырудың, оқу-әдістемелік жұмысты жетілдірудің және білім алушылардың дайындық сапасын арттырудың негізгі мәселелерін қарастырды.
Жоғары оқу орнының білім беру қызметінің өзекті мәселелері кең ауқымы талқыланды, оның ішінде:
- 2026-2027 оқу жылына арналған ОӘК құрамын және жоспарын бекіту;
- Бакалавриат білім беру бағдарламалары бойынша қорытынды аттестаттау нысандарын саралау және дипломдық жұмысты (жобаны) орындауға білім алушыларды іріктеу тәсілдерін жетілдіру туралы;
- Көптілді білім беру бағдарламаларының білім алушыларының академиялық транскриптінде ағылшын тілінде меңгерілген кредиттер үлесін көрсету туралы;
- Оқыту әдістемесін жетілдіру және оқу сабақтарының сапасын арттыру жөніндегі шаралар туралы;
- Университет ПОҚ ОӘӘ Ғылыми кеңесте басылымға ұсыну үшін қарастыру;
- Кәсіпорындар базасында кафедра филиалдарын ашу;
- Практиканы ұйымдастыру мен өткізуге қанағаттанушылықты бағалау» сауалнамасының нәтижелері туралы.
Барлық мәселелер бойынша жан - жақты баяндамалар жасалды. Оқу-әдістемелік кеңестің қазіргі мүшелері ұсынылған тақырыптарды қызу талқылап, пікір алмасып, ұсыныстар айтылды.
Талқыланған мәселелердің қорытындысы бойынша шешімдер қабылданып, жауапты тұлғалар мен мерзімдер белгіленді.
Отырысты қорытындылай келе, оқу-әдістемелік кеңестің төрағасы, академиялық мәселелер жөніндегі проректор Ардақ Бейсенбай одан әрі жұмыстың негізгі бағыттарын белгілеп, университетте білім беру процесін дәйекті жетілдірудің және оқыту сапасын арттырудың маңыздылығын атап өтті.
