
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-де «Таза Қазақстан» тақырыбында кураторлық сағат өтті

20 қазанда Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Халықаралық қатынастар факультеті «Саясаттану» кафедрасының 4-курс студенттеріне (B040-3106-23-01) арналған «Таза Қазақстан» тақырыбында кураторлық сағат өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты - жастардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, қоршаған ортаны қорғауға деген жауапкершілігін арттыру және «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бастамасына назар аударту.
Кураторлық сағат барысында студенттер экологиялық бастаманың негізгі бағыттарымен танысып, Қазақстандағы өзекті экологиялық мәселелерді және қоршаған ортаның тазалығын сақтаудағы әрбір азаматтың рөлін талқылады.
Студенттердің қызығушылығы мен белсенділігін арттыру мақсатында интерактивті ойындар, экологиялық викторина және экологияға қатысты қызықты деректерді талқылау ұйымдастырылды. Қатысушылар сұрақтарға белсенді жауап беріп, өз пікірлерімен бөлісті және экологиялық жағдайды жақсарту бойынша ұсыныстарын білдірді.
Іс-шара қорытындысында студенттер табиғатқа ұқыпты қараудың, экологиялық жауапты мінез-құлықты қалыптастырудың және қоршаған ортаның тазалығын сақтауға жеке үлес қосудың маңыздылығын атап өтті.
«Таза Қазақстан әрқайсымыздан басталады!» - кураторлық сағаттың басты ұранына айналды.
Кураторлық сағатты «Этносаясаттану» білім беру бағдарламасының 2-курс магистранттары Жанна Абдуали мен Айжан Шаймергенова өткізді.
