
«Сілтілік металдар атомдары» тақырыбындағы ашық дәріс

2026 жылғы 21 қазанда Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Физика-техникалық ғылымдар институтының «Техникалық физика» кафедрасында «Атомдық физика және спектроскопия» пәні бойынша «Сілтілік металдар атомдары» тақырыбында ашық дәріс өтті. Дәрісті доцент, PhD Қаріпбаев Жақып Тілеубайұлы өткізді.
Сабақ № 3 оқу корпусының 127-аудиториясында 6B05323 «Техникалық физика» білім беру бағдарламасының B054-5323-24-01 және B054-5323-24-03 топтарында оқитын бірінші курс студенттеріне арналды. Ашық дәріске «Техникалық физика» кафедрасының доценті Сағатов Нұрсұлтан Ерболұлы және «Жалпы және теориялық физика» кафедрасының доценті Шайхова Гаухар Нурлыбековна қатысты.
Дәріс барысында сілтілік металдар атомдарының құрылыс ерекшеліктері мен спектрлік сипаттамалары, сондай-ақ атомдардың электрондық құрылымы мен физикалық қасиеттерінің өзара байланысы қарастырылды. Бұл мәселелерді зерделеу студенттердің атомдық физика және спектроскопия саласындағы білімін тереңдетуге ықпал етеді.
Жақып Қаріпбаев — 2023 жылғы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағының иегері, функционалдық материалдар саласындағы гранттық жобалардың ғылыми жетекшісі және халықаралық ғылыми басылымдардағы жарияланымдардың бірлескен авторы. Оның Scopus дерекқорындағы Хирш индексі 13-ке тең. Ғалымның зерттеулері кристалдардың оптикалық және люминесценттік қасиеттеріне, материалдардың радиациялық төзімділігіне және жаңа керамикалық қосылыстарды әзірлеуге арналған.
