
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат: күнделікті өмірдегі адалдық пен жауапкершілі

2026 жылғы 16 қазанда 14.00-де 336 бөлмеде Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Саясаттану кафедрасы 2-курс студенттерімен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат: күнделікті өмірдегі адалдық пен жауапкершілік» тақырыбында кураторлық сағат өткізілді.
Іс-шараны топ кураторы, саясаттану кафедрасының оқытушысы Жанат Момынқұлов ұйымдастырды.
Кездесу барысында Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасы, «Заң мен тәртіп» қағидаты, академиялық адалдық және жастардың құқықтық мәдениеті мәселелері талқыланды.
Әсіресе университет өміріндегі жемқорлық тәуекелдеріне назар аударылды. Студенттермен емтихан сессиясы кезінде баға үшін ақша немесе сыйлық ұсыну, таныстық арқылы артықшылыққа қол жеткізу, академиялық талаптарды айналып өту сияқты жағдайлардың құқықтық және моральдық салдары қарастырылды.
Сонымен қатар күнделікті өмірде парақорлыққа тап болған жағдайда қалай әрекет ету, өз құқықтарын қорғау және заңсыз әрекеттерге жол бермеу мәселелері түсіндірілді.
Кездесудің негізгі мақсаты – студенттерге сыбайлас жемқорлықтың тек мемлекеттік органдарға қатысты мәселе емес, қоғамның барлық саласына әсер ететін құбылыс екенін түсіндіру.
Сыбайлас жемқорлықпен күрес әр адамның өзінен, күнделікті таңдауынан басталады. Заңды құрметтеу, әділдік пен адалдықты сақтау – болашақ маманның кәсіби жауапкершілігінің маңызды бөлігі.
Топ кураторы: Жанат Момынқұлов, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, Саясаттану кафедрасы
