
Халықаралық электрондық ақпараттық ресурстардың таныстырылымы

2026 жылғы 21 қазанда Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Ғылыми кітапханасында зерттеушілерге, оқытушылар мен білім алушыларға арналған халықаралық электрондық ақпараттық ресурстардың таныстырылымы өтті.
Таныстырылымды халықаралық баспалар мен ақпараттық компаниялардың ресми өкілдері өткізді. Іс-шараның спикерлері: MIKRO Information компаниясының өңірлік өкілі Асель Калкан, Igroup баспасының ресми өкілі доктор Диу Сенг Си, Оксфорд университеті баспасының өңірлік менеджері Марчин Дембовски және Кембридж университеті баспасының өңірлік менеджері Лешек Червински.
Спикерлер IEEE Computer Society Digital Library, Emerald Premium Journals, ICE Virtual Library, Oxford Scholarship Online және Cambridge Core платформаларының мүмкіндіктерін таныстырып, оларды білім беру мен ғылыми-зерттеу қызметінде тиімді пайдалану жолдары туралы баяндады.
