
«Жаса, батыл бол, жеңіске жет!» республикалық байқауының іріктеу кезеңіне «Мемлекеттік аудит» білім беру бағдарламасының студенттері қатысты

2026 жылғы 2 қазанда Қазақстан Республикасы Банктер қауымдастығының «Творите, дерзайте, побеждайте» атты студенттік жобалар мен ғылыми зерттеулердің республикалық конкурсының іріктеу кезеңі өтті. «Творите, дерзайте, побеждайте» республикалық конкурсы — қаржы және банк саласының болашағын өзгертуге дайын студенттер үшін бірегей бастау алаңы.
Конкурстың басты мақсаты — жастардың инновациялық белсенділігін арттыру, болашағы зор студенттік жобаларды анықтау және оларға жан-жақты қолдау көрсету. Ұйымдастырушылар еліміздегі қаржы технологиялары индустриясының, жасанды интеллект пен киберқауіпсіздіктің дамуына тың серпін бере алатын дарынды жаңашылдарды, олардың бірегей идеялары мен жаңа көзқарастарын қолдауды көздейді. Бұл жай ғана конкурс емес, әрбір студент үшін өзін танытуға, сарапшылар қауымдастығының мойындауына ие болуға, пікірлес адамдарды табуға, сондай-ақ өзінің батыл цифрлық шешімдерін жүзеге асыру үшін моральдық әрі материалдық қолдау алуға берілетін нақты мүмкіндік.
Экономика және туризм жоғары мектебінің студенттері беделді республикалық конкурсқа белсенді қатысты. Іріктеу кезеңіне «Мемлекеттік аудит» 6B04121 білім беру бағдарламасының 2, 3 және 4-курс студенттері, «Жас аудитор» ғылыми-практикалық клубының мүшелері қатысты. Байқауға ұсынылған жобалар қаржы-банк секторын дамытуға, цифрлық шешімдерді жетілдіруге және киберқауіпсіздікті нығайтуға бағытталды. Конкурстың іріктеу кезеңіне белсенді қатысқаны және қаржы технологиялары саласындағы шешімдерді әзірлеуге елеулі үлес қосқаны үшін Хайдар Әдемі Мирасқызы, ғылыми жетекшісі — экономика ғылымдарының докторы, профессор Л.М. Сембиева. Жұмәди Камила Рүстемқызы, Шыңғысбаев Рамазан Асқатұлы, Нүсіпқұл Махамбет Мақсатұлы, сондай-ақ Экономика кафедрасының студенті Нұркенқызы Назар алғыс хаттармен марапатталды. Олардың ғылыми жетекшісі — PhD докторы А.Б. Алибекова. Қатысушылар жоғары академиялық дайындық деңгейін және заманауи үрдістерді терең түсінетінін көрсетті. Ұсынылған әрбір жоба — орасан зор еңбектің, жан-жақты талдаудың және тыңғылықты зерттеудің нәтижесі.
