
Ғылымдағы жаңа белестер: Өзбекстаннан шабытпен!
ЕҰУ жаңалықтары
23.10.2026 87

Ташкент қаласында Өзбекстан Ғылым академиясы Ядролық физика институтының 70 жылдығы мен ОИЯИ-дің мерейтойы аясында өткен 30-шы Халықаралық жас ғалымдар мен мамандар конференциясы (AYSS-2026) өз мәресіне жетті.
Осынау беделді де ауқымды ғылыми жиында «Ядролық физика, жаңа материалдар және технологиялар» кафедрасының белсенді студенттері мен магистранттары өздерінің зерттеу жұмыстарын жоғары деңгейде қорғап, баяндама жасап қайтты!
Бұл — жастарымыз үшін үлкен тәжірибе, халықаралық деңгейде пікір алмасып, ғылыми көкжиегін кеңейтуге берілген таптырмас мүмкіндік болды.
Болашақ ғалымдарымыздың ғылым жолындағы сапары сәтті, алған асулары биік болсын!
Бөлісу:
