
22 қазанда Teams платформасында «Туроперейтинг» пәні аясында «Астротуризм: жаһандық тренд, ерекшеліктері мен әлеуеті» тақырыбында ашық сабақ өтті.

22 қазанда Teams платформасында «Туроперейтинг» пәні аясында «Астротуризм: жаһандық тренд, ерекшеліктері мен әлеуеті» тақырыбында ашық сабақ өтті.
Спикер - 7М11105 «Туризм» білім беру бағдарламасының магистранты Ева Горенская (ғылыми жетекшісі: э.ғ.к., профессор Л.М. Муталиева).
Дәріске В091-1105-24-02, В091-1105-24-04, В093-1107-24-02 топтарының студенттері қатысты.
Осы бір сағатта не білдік? Ғарыш әлеміне жетелеген танымды мәліметтер көп болды:
Нарық өсіп келеді: түнгі туризм нарығының көлемі 10 млрд АҚШ долларына бағаланады, ал 2035 жылға қарай екі есе өседі деп болжануда.
Қараңғы аспанға қызығушылық артуда: Жер халқының 80%-дан астамы жасанды жарықтандыру жағдайында өмір сүреді. Сондықтан жұлдыздарды тамашалау мен цифрлық детокс барған сайын танымал бола түсуде.
Қазақстан мен Ресейдің әлеуеті: Каменское платосы мен Ассы-Түрген обсерваториясының мүмкіндіктерін, сондай-ақ Байқоңыр ғарыш айлағына ұйымдастырылатын бірегей турларды талқыладық. Зымырандардың ұшырылуын қазірдің өзінде 7,5 мыңнан астам турист тамашалаған.
Астрономиялық оқиғалар күнтізбесі: 2026 және 2027 жылдардағы Күн тұтылулары мен метеор ағындарын (Персеидтер, Геминидтер) бақылауға, тіпті «Astro Night» аясында бұлттан жоғары көтерілуге дайындаламыз!
Ал енді сіздерге сұрақ:
Қазақстан даласына немесе Байқоңырға астротурға барар ма едіңіз? Пікірлеріңізді бөлісіңіздер!
#ЕНУ #ENU #Туризм #Туроперейтинг #Астротуризм #Байқоңыр #КаменскоеПлатосы #Обсерватория #Студенттер #ЭкономикаЖәнеТуризмЖоғарыМектебі #Astrotour
