
Республика күніне орай «Туризм» кафедрасының оқытушылары марапатталды

2026 жылғы 21 қазанда университетімізде Республика күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Ұлттық мереке қарсаңында білім мен ғылымның дамуына, білікті мамандар даярлауға және туризм саласының өркендеуіне елеулі үлес қосып жүрген үздік оқытушыларға құрмет көрсетіліп, олардың еңбегі жоғары бағаланды.
Салтанатты шара барысында «Туризм» кафедрасының бірқатар оқытушылары кәсіби жетістіктері мен сала дамуына қосқан үлестері үшін лайықты марапаттарға ие болды.
«Туризм саласына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталғандар: Сейдуалин Д.А., Муканов А.Х., Тлеубаева А.Т., Адбраманова Г.Қ., Дулатбекова Ж.А.
«Туризм саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталғандар: Шарапаева Б.Ж., Омарова А.С.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің алғыс хатымен Мусина К.П. марапатталды.
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің құрмет грамотасына Марат А.Т. ие болды.
Бұл марапаттар - оқытушыларымыздың кәсіби шеберлігіне, жауапкершілігіне, қажырлы еңбегіне және білім беру мен туризм саласын дамытуға қосқан үлесіне берілген жоғары баға.
Профессор-оқытушыларды лайықты марапаттарымен шын жүректен құттықтаймыз! Еңбектеріңіз жемісті болып, кәсіби жетістіктеріңіз еселене берсін! Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, шығармашылық шабыт және толағай табыстар тілейміз!
Республика күні құтты болсын! Еліміздің мерейі үстем, тәуелсіздігіміз тұғырлы, болашағымыз жарқын болсын!
