
Халықаралық қатынастар кафедрасының оқытушылары Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің марапаттарына ие болды
2026 жылғы 21 қазанда университетімізде Қазақстан Республикасының күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Ұлттық мереке қарсаңында отандық білім мен ғылымның дамуына, жоғары білікті мамандар даярлауға және Қазақстанның халықаралық беделін нығайтуға елеулі үлес қосып жүрген оқытушылардың еңбегі атап өтілді.
Салтанатты іс-шара аясында халықаралық қатынастар кафедрасының оқытушылары Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ведомстволық марапаттарына ие болды.
Тарих ғылымдарының докторы, доцент Альпеисов Амиржан Каирович Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Алғыс хаттарымен халықаралық қатынастар кафедрасының меңгерушісі, PhD Кенжалина Гульсим Жумабаевна, PhD, доцент міндетін атқарушы Далелхан Айболат марапатталды.
Бұл марапаттар – оқытушылардың жоғары кәсіби шеберлігіне, жауапкершілігі мен адал еңбегіне берілген лайықты баға, сондай-ақ олардың білім мен ғылымды дамытуға, халықаралық қатынастар және дипломатия саласындағы білікті мамандарды даярлауға қосқан елеулі үлесінің айқын көрінісі.
Әріптестерімізді лайықты марапаттарымен шын жүректен құттықтаймыз! Оларға зор денсаулық, отбасылық амандық, сарқылмас күш-жігер, жаңа ғылыми жетістіктер және кәсіби қызметте толағай табыстар тілейміз!
Қазақстан Республикасының күні құтты болсын! Еліміздің тәуелсіздігі нығайып, бейбітшілік пен келісім салтанат құрсын! Қазақстан өркендеу мен орнықты даму жолында сенімді қадам баса берсін!
