
Арай Аманова ЕҰУ-дың «Педагогика» кафедрасының меңгерушісі болып тағайындалды

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Білім беру жоғары мектебінің «Педагогика» кафедрасының меңгерушісі қызметіне философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор (доцент) Арай Аманова тағайындалды.
Жаңа басшыны кафедра ұжымына ЕҰУ-дың академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Ардақ Бейсенбай таныстырды.
Арай Кокораевна - жоғары білім беру саласында ғылыми-педагогикалық, ғылыми-ұйымдастырушылық және басқарушылық қызметте мол тәжірибесі бар білікті маман.
Еңбек жолын оқытушы қызметінен бастап, Ғылым және коммерцияландыру департаменті директорының орынбасары қызметіне дейін көтерілген. Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін «Педагогика» кафедрасында оқытушы-зерттеуші болып жұмыс істеді.
Ғылыми еңбектері Scopus және Web of Science халықаралық дерекқорларында индекстелетін басылымдарда жарияланған. Хирш индексі (h-index) - 7. Ғылыми жобаларға жетекшілік ету тәжірибесі бар.
Арай Кокораевнаны жаңа қызметке тағайындалуымен құттықтаймыз! Кафедраның ғылыми-білім беру әлеуетін арттыруға, ұжымның кәсіби дамуына және жаңа бастамаларды жүзеге асыруға бағытталған қызметіне табыс тілейміз!
