
Криптологияда жасанды интеллектті қолдану бойынша біліктілікті арттыру курсы сәтті аяқталды.
2026 жылдың 5 қазан мен 25 қазан аралығында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің "Қазғарыш" ғылыми-зерттеу орталығының қызметкерлері үшін Үздіксіз білім беру институты "Криптологияда жасанды интеллектті пайдалану" атты біліктілікті арттыру курсын ұйымдастырды. Курс механика-математика факультетінің криптология кафедрасының базасында кафедра меңгерушісі т. ғ. к. Тәңірбергенов А.Ж. өткізді.
Курс барысында тыңдаушылар криптографиялық деректерді талдауда машиналық оқыту алгоритмдерін қолдану тәсілдерімен танысты. Сондай-ақ нейрондық желілердің мүмкіндіктері, криптоанализ процестерін автоматтандыру, ақпараттық қауіпсіздік оқиғаларын интеллектуалды талдау және киберқауіптерді анықтау қарастырылды.
Курсқа қатысушылар заманауи криптология саласында іргелі білім алып, жасанды интеллектті пайдалана отырып, криптоанализ әдістерін қолданудың практикалық дағдыларын игерді. Курс нәтижесінде тыңдаушылар криптология және ақпараттық қауіпсіздік саласында жасанды интеллектті қолдану мүмкіндіктері туралы білімдерін тереңдетіп, кәсіби қызметте заманауи жасанды интеллект құралдарын қолданудың практикалық дағдыларын жетілдірді. Курс соңында тыңдаушылар белгіленген үлгідегі сертификаттар алды.
