
ЕҰУ докторанты «Мемлекет іс жүзінде: қоғамдық мәселе басқарушылық шешімге қалай айналады?» тақырыбында ашық сабақ өткізді

ЕҰУ докторанты «Мемлекет іс жүзінде: қоғамдық мәселе басқарушылық шешімге қалай айналады?» тақырыбында ашық сабақ өткізді
2026 жылғы 27 қазанда Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Саясаттану» білім беру бағдарламасының 2-курс докторанты Балғұжинова Д.С. ашық сабақ өткізді.
Ашық сабақ «Мемлекеттік және әкімшілік басқару жүйелері» пәні аясында «Саясаттану» білім беру бағдарламасының бакалавриат деңгейіндегі 2-курс студенттеріне арналды.
Ашық сабақтың тақырыбы – «Мемлекет іс жүзінде: қоғамдық мәселе басқарушылық шешімге қалай айналады».
Сабақ барысында қоғам үшін маңызды мәселенің нақты басқарушылық шешімге айналу тетіктері, сондай-ақ осы үдерістегі мемлекеттік институттардың, жария басқару органдарының және саяси акторлардың рөлі қарастырылды.
