
Жаңа заң туралы дөңгелек үстелге келіңіздер!

2026 жылғы 30 қазанда сағат 15:00-де университеттің бас ғимаратында орналасқан музейде «Жаңа Конституция және құқықтық сауаттылық» тақырыбында студенттермен дөңгелек үстел өтеді.
Іс-шараны практикалық қазақ тілі кафедрасының профессоры Қ.Е.Тілеш, кафедра доценттері М.Н.Жұмаділова мен С.Е.Кәрібаева ұйымдастырады. Кездесу қонағы – Әлеуметтік және азаматтық даму департаменті директорының орынбасары, «Әдеп» жобалық кеңесінің жетекшісі, заң ғылымдарының кандидаты Еркебұлан Еркінұлы Нұғыманов арнайы.
Іс-шараға ұйымдастырушы кафедраның оқытушылары, заң, халықаралық қатынастар, тарих факультеттері мен журналистика және әлеуметтік ғылымдар жоғары мектебінің студенттері қатысады.
Дөңгелек үстелде студенттер Жаңа Конституцияның негізгі құндылықтарымен танысып, құқықтық сауаттылығын арттырады, сарапшыға сұрақтарын қойып, пікірлерімен бөліседі.
